Ауылдағы перзентхана жанынан адамның бас сүйегі табылды

видеодан кадр
Өңірдің полиция департаменті қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Алматы облысында перзентхана маңынан адамның бас сүйектері табылды. Еңбекшіқазақ ауданындағы оқиғаның видеосын куәгерлер әлеуметтік желіге жариялады, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Сүйектер Есік қаласының жанында орналасқан Бөлек ауылдық округінен табылды. Бұл жер "Ромашка" деп аталатын саяжай екен.

Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол сүйектер ашық-шашық шашылып жатқан жоқ екен. Жерді қазу барысында шығыпты. Дәл осы жерде су құбырын жүргізу жұмысы жүргізіліп жатқан көрінеді.

Сүйекті тапқан да - сол мекеменің жұмысшылары. "Алтын адам" мұражайының археологтары оқиға орнына келіп, сүйектерді жинап жатыр екен жуырда сараптамаға жіберіледі.

Өңірдің полиция департаменті қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді