Татарстанда аза тұту күні жарияланды

Pixabay
Бүгін біздің республикамыз үшін, бүкіл еліміз үшін үлкен трагедия. Өкініштен өзегіміз өртенеді - Татарстан Республикасының басшысы Рустам Минниханов.

12 мамыр Татарстанда аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Татарстан президентінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

11 мамырда Қазан қаласындағы мектептің бірінде атыс болып, 12 адам қаза тапты.

Татарстан Республикасының басшысы Рустам Минниханов Қазан қаласындағы мектепте болған терактіге қатысты БАҚ-қа пікір білдірді.

"Үлкен қасірет. Біз 7 баладан айырылдық. Сегізінші сынып оқушылары. Төрт ұл және үш қыз. Олар осында үшінші қабатта мерт болды. Қазір ауруханада 16 адам жатыр (12 бала, 4 ересек адам). Террорист қамауға алынды. Ол - 19 жаста, оның атына қару-жарақ тіркелген. Басқа сыбайластары әлі табылған жоқ. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Барлық күштер жұмылдырылды. Мектепке де, отбасыларға да көмек көрсетіледі. Бүгін біздің республикамыз үшін, бүкіл еліміз үшін үлкен трагедия. Өкініштен өзегіміз өртенеді", - деді ол жергілікті БАҚ-қа берген сұқбатында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз