Алматыда банкомат тонағыштар ұсталып қалды

Сурет: zakon.kz
Қаскөйлердің түнде жұмыс істегендігі анықталды.

Ұрылар Алматыдағы банк терминалдарын тонады, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қаскөйлердің түнде жұмыс істегендігі анықталды.

Бұзу арқылы олар әр түрлі банктердің терминалдарын ашып, кассетаны шығарып, ақшаларын алып, содан кейін ұяшықты құрылғыға қайта орнатқан.

– Күдіктілер қамауға алынды. Олар төртеу. Соңғы қылмысы кезінде олар терминалдан 160 мың теңгеден астам қаражатты ұрлап кеткен. Жауап алу кезінде күдіктілер осыған ұқсас төрт ұрлықты жасағандарын мойындады. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188 бабы бойынша тергелуде. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Медеу аудандық ПБ-ның басшысы Дәурен Өтебаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды