Ақмола облысында екі бірінші сынып оқушысы суға батып, мерт болды

Pixabay Pixabay
Қайғылы оқиға 25 мамырда болған.

Ақмола облысында екі бала суға батып, көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 25 мамырда болған. Қайғылы оқиға туралы Аршалы аудандық полиция бөлімшесіне сағат 17.23-те хабарлама түсті. No42 разезд станциясының жанында екі бала суға батып кеткені хабарланған.

Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, No42 разезд станциясынан 200 метр қашықтықтағы суға 2013 жылы туылған екі бірінші сынып оқушысы батып кеткені анықталды.

Мән-жайды нақтылау кезінде, сондай-ақ куәгерлерді (марқұмның әкесі) сөзге тартқанда үйден үш баланың сұранбастан шығып, жоғарыда аталған аймаққа шомылуға кеткені анықталды. Кешкі сағат 16.30 шамасында кіші ұлы үйге жүгіріп келіп, әкесіне судағы ағаларының көмек сұрағанын айтады. Сағат 16.55-те әкесі судан ұлының денесін алып шықты. Кейіннен Нұр-СұлтанТЖД "ОСО" құтқарушылары суға батқан екінші баланы алып шықты, - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Гарвард 2,2 миллиард долларлық гранттардан айырылды

Қазақстанда алғашқы үш жолақты реверсивті жол пайда болады

Бүгін Міржақып Дулатұлының туған күні

Бурабайда балық аулауға рұқсат етілді - Ұлттық парк маңызды мәлімдеме жасады

Найзағай, жаңбыр, қар, үсік: қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды