Түркістан облысында жоғалған екі турист әлі де іздестіріліп жатыр. Көріпкелдер жоғалған екі бозбаланың ата-анасын үміттендіріп, олардың тірі екенін айтуда, деп хабарлайды zakon.kz.
25 мамырда Төлеби ауданының Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында 7 адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. 21 мамырда туристер Сары-Айғыр шатқалына жаяу барып, 24 мамырда кері оралуы керек болатын. 28 мамырда жоғалған жетеудің үшеуі аман-есен табылды. 29 мамырда Өгем өзенінен жоғалып кеткен екі туристің мәйіті табылды. Ал тағы екеуі ұшты-күйлі жоқ.
Іздеу жұмыстары жалғастырылуда. Енді олар курстастардың өтініші бойынша Өгемнің жоғарғы жағын шарлауға кетті. Көріпкелдер алдында үш жігіттің табылған жерінен жоғарыда үңгірде, екеуі де тірі депті. Болжамды аумақты жаяу араладық, үңгірлерді тексердік, бірақ нәтиже жоқ. Таудың таңғажайып сұлулығына куә бола алдық, - деп жазды тау құтқарушысы Шамиль Рафиков өзінің Facebook парақшасында.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісовтің айтуынша, жоғалған тағы екі адамды іздеу жұмыстары әлі жалғасуда.
Жігіттер тірі болуы мүмкін, біз екі нұсқа бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Үңгірлер бар. Мүмкін олар сонда жасырынды. Сондай-ақ қазір қыс мезгілі емес, аман қалу мүмкіндігі әлдеқайда көп. Әдетте белсенді іздеу жұмыстары10 күнді алады, бірақ біз операцияны тоқтатпаймыз. Мен штаб басшысы ретінде шешімді өзім қабылдаймын, - деді ол Экспресс-К-ға.
Оқи отырыңыз