Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем қызметінің жұмысында көптеген заң бұзушылықтарды анықталғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Биыл сәуір айында Алматының жедел жәрдем қызметкерлері "қара" базарда жеке қорғаныс құралдарын сататыны туралы хабарланды. Денсаулық сақтау басқармасы содан кейін комиссиялық тексеру барысында кейбір қызметкерлердің жұмысындағы бірқатар заңсыздықтар анықталғанын және қазір жедел жәрдемді Алматы прокуратурасы тексеріп жатқанын айтты. Алайда қадағалаушы орган бұл ақпаратты жоққа шығарды. Кейінірек басқармадағылар өз өкілінің ойын дұрыс жеткізе алмағанын мойындады.
Біз қалалық денсаулық сақтау басқармасына "комиссия қандай заң бұзушылықтарды анықтағанын және жедел жәрдем қызметі басшылығының жеке қорғаныс құралдарын сатқаны рас па" деген ресми сауал жолдадық.
Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев Алматы әкімдігі тексеру жүргізуді тапсырған деп жауап берді. Комиссия құрамына жергілікті депутаттық корпус, қалалық денсаулық сақтау басқармасы, әкімдік, медициналық ұйымдар мен жедел жәрдем қызметі мамандары кірді. Олар лицензиялау қызметіндегі, іс қағаздарындағы, штаттық құрылымдағы, кадр қызметіндегі, қаржылық есептілік келісімшарттарындағы, медициналық техниканы басқару жүйесіндегі бұзушылықтарды анықтады.
Енді басқармадағылар жедел жәрдем қызметін тағы тексергісі келеді.
Табылған заң бұзушылықтардың маңыздылығын ескере отырып, қаржылық бақылау саласындағы құзыретті органдарды тарта отырып, Жедел медициналық жәрдем қызметінің қаржылық-шаруашылық қызметіне кеңірек аудит жүргізу қажет, деп жауап жазды Табынбаев ресми сауалға.