Тоқал алған ер адамның тойында бәйбіше тілек айтты. Желідегі видео тексеріліп жатыр

pixabay.com
Тергеу Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Екі әйел алу немесе көп әйел алу" бабы бойынша қолға алынды.

Қырғызстанда полиция көп әйел алуға қатысты Жалал-Абад тұрғынына қатысты іс қозғады, деп хабарлайды zakon.kz.

24.kg ақпараттық агенттігі Жалал-Абадта бірінші әйелімен ажыраспай екінші рет үйленген ер адамға қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу шарасы басталғанын жазды. Тергеу Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Екі немесе көп әйел алу" бабы бойынша қолға алынды.

Оған желіде пайда болған видео түрткі болған. Видеода ер адамның екінші рет үйленіп жатқаны бейнеленген. Сонымен бірге, үйлену тойында әлі ажыраспаған бірінші әйелі және екі баласы да жүр.

Тойда тілек айтқан ер адамның бәйбішесі:

- Күндесім емес, сіңіліме бақыт тілеймін. Бақытты болыңыздар.

Одан кейін балалары да тілек айтады:

Әке, екі дүниеде де бақытты болыңыз, - дейді ұлы.


Айта кетсек, Қырғызстанда көп әйел алу қылмысқа жатады. Жалал-Абад қаласының тұрғынына айыппұл салынуы немесе қоғамдық жұмыстарға жегу жазасы берілуі мүмкін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді