Ақтөбеде 3 жасар бала тірідей жанып кетті

видеодан кадр
Қайғылы жағдай Әйтеке би ауданының Еңбек ту ауылында болды.

Ақтөбе облысында 3 жасар бала аулада тұрған көлік ішінде тірідей жанып кетті. Жанында болған 7 жастағы ағасын өртке оранған автомобильдің ішінен алып шыққанымен, дәрігерлер аман алып қала алмады. Денесінің 80 пайызын күйік шалған ер бала да есін жимастан түнде аудандық ауруханада мерт болған. Ер балалар отбасындағы төрт баланың ортаншысы мен кенжесі болған, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Айгүл Күштаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Қаладан медициналық авиация, құрамында реаниматоог, комбустиолог, травматолог дәрігерлер жіберілді. Барлық қажетті медициналық ем жасалды, бірақ, өкінішке орай көрсетілген емнің нәтижесі болмай, бала қайтыс болды. Тыныс алу жолдары, барлығын күйік шалған.

Қайғылы жағдай Әйтеке би ауданының Еңбек ту ауылында болды. Ағалы-інілі балалар аулада жүрмей тұрған жеңіл көлікте ойнап отырған. Сол сәтте көлік өртенген. Тілсіз жаудың неден шыққанын мамандар анықтап жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмай, бас-көз болуды ескертеді.

Нұрхат Қалдыбаев, облыстық ТЖД басқарма басшысының орынбасары:

Аулада тұрған ескі машина өртенген. Екінші бала біздің қызметкелер келген кезде машинаның сыртында болды. Өзі шыққан немесе туыстары шығарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек