Шымкентте топтық зорлық бойынша ұсталмай жүрген жігіт ұсталды

zakon.kz
Қылмыс жасалмас бұрын күдіктінің Ресейге бірнеше рет барғаны, осыған байланысты қазақстандық ізкесушілер көрші елге іссапарға кеткенін анықтады.

Шымкентте топтық зорлық бойынша күдікке ілініп, жеті жылдан бері жасырынып жүрген күдікті ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған дейін полиция 2014 жылғы наурызда Шымкенттің Игілік ауылында "Москвич-412" автокөлігінде 23 жастағы таныс қызды ұрлап, зорлаған үш сыбайласын ұстап, жауапқа тартқан.

Республикамыздың қалалары мен облыстарының полиция бөлімдерінің жеке құрамы қылмыскерді іздеуге бағытталды. Күдіктінің орналасқан жерін анықтау және ұстау үшін көршілері мен туыстарынан, жақын достары мен таныстарынан сұқбат алды. Ол жасырынуы мүмкін мекен-жайлар тексерілді.

Тергеуден қашқаны үшін мемлекетаралық тізімге, содан кейін халықаралық іздеуге енгізілді. Бағыт-бағдары мүмкін елдерге - Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей Федерацияларына жолданды, - деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қылмыс жасалмас бұрын күдіктінің Ресейге бірнеше рет барғаны, осыған байланысты қазақстандық ізкесушілер көрші елге іссапарға кеткенін анықтады.

7 жыл іздеуден кейін полиция қашқынның қайда екенін анықтап, оны Шымкентте ұстай алды.

Ұсталған адам түсіндіргендей, қашу кезінде ол туыстарымен және достарымен байланысты үзгенін, әртүрлі қалаларда жалдамалы пәтерлерде тұрған және үй жөндеумен айналысқан.

Ізін суыту үшін ол бетін бүркіп, басына қалпақты басып киіп, қара көзілдірік киіп жүрген, мұрты мен сақалын өсіріп жіберді, адамдар көп жиналатын және қоғамдық орындарға бармаған, деп хабарлады департаменттегілер.

Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін