Полиция қызметкерінің өзін атуы - аудан прокуроры мен оның көмекшісі жұмыстан қуылды

gov.kz
Шешімді облыстық прокуратура шығарды.

Павлодарда шулы оқиғаға байланысты Железин ауданының прокуроры мен оның орынбасары жұмыстан қуылды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Олар ар-намыс Кодексін бұзды деп айыпталды. Естеріңізге сала кетейік, осыдан 1 ай бұрын аудандық прокуратура ғимаратында полицей өз-өзіне оқ атып, иығын жаралаған болатын. Тәртіп сақшысының туыстары оның өзіне оқ атуына аудан прокуроры мен орынбасары себеп болғанын айтқан. Облыстық прокуратураның тәртіптік комиссиясы шен таққан тұлғаларды жұмыстан босату туралы шешім шығарды", делінген Астана ТВ мәліметінде.

Облыстық прокуратура атап өткендей, сараптама қадағалау органы қызметкерлерінің мас болғанын растамады.

"Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша іс облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданғаны белгілі болды.

Полиция қызметкерінің оққа ұшуына қатысты оқиға Железин ауданында болған. Прокуратура ғимаратында тәртіп сақшысы қызметтік қаруымен өзін иығынан атты делінді. Полиция қызметкерінің туыстары құзырлы органының қызметкерлері мас болып, аға тергеушіні қорлаған деп мәлімдеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі