Атырауда ауыл тұрғыны тәртіп сақшыларының көз алдында өзіне пышақ жұмсады

Полиция оның қолындағы пышақты тартып алып, аудандық ауруханаға жеткізді.

Исатай ауданының тұрғыны туысының өз-өзіне қол жұмсағалы жатқаны туралы полицияға хабар берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Полиция оқиға орнына шұғыл жетті. Жеке үйдің ауласында ер адам өз тамыры мен өңешін кесіп тастаған ірң қасына біреу жақындаса, өз-өзін өлтіретінін айтып, қорқытқан, - деп жазады "Мой город" порталы.

Полиция оның қолындағы пышақты тартып алып, аудандық ауруханаға жеткізді.

Біз шұғыл шешім қабылдап, шалт қимыл жасадық. 53 жастағы ауыл тұрғыны өз-өзін өлтіремін деп айналасындағылардың барлығын қорқытып, денесін біздің көз алдымызда кесе бастады. Әріптестерім - учаскелік инспекторлар Ринат Қуанышев пен Есенгелді Зайнов оны сөзге тартып, назарын басқа жаққа бұрғанда, мен оның артынан жайлап барып, пышағын тартып алдым. Бұл өте қауіпті әрекет болды, бірақ ең бастысы, біз оның өмірін сақтап қалдық. Біз өз әрекетімізді ерлік деп санамаймыз. Біз өз антымызда адамдарға адал қызмет етіп, оларды қорғаймыз деп уәде береміз, - деді Исатай ауданы Жанбай ауылдық полиция бөлімінің бастығы Ринат Қарасартов.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: