Астанада "Шайтан дөңгелек" аттракционы отқа оранды
Сурет: freepik
Астанада Нұра ауданында, Қорғалжын тас жолы бойындағы "Шайтан дөңгелек" аттракционы отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына шұғыл жеткен ТЖМ-нің алғашқы бөлімшелері аттракционның орталық бөлігінде орналасқан электр қалқанынан от шыққанын анықтады.
Министрлік атап өткендей, адамдарға қауіп төніп тұрған жоқ.
"ТЖМ күштерімен жеті адам, оның ішінде төрт бала құтқарылды", делінген хабарламада.
Бұған дейін Жезқазғанда көше ортасында жеңіл көлік отқа оранғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript