Түркістан облысында ер адам полиция қызметкерінің погондарын жұлып алып, көлігін өрттемек болған, деп хабарлайды zakon.kz.
Полиция аға лейтенанты Ерназар Сүйіндік көшелердің бірінде мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген ВАЗ 2106 автокөлігін тоқтатты. Полиция қызметкері көлікті тоқтатудың себебін құқық бұзушыға жеткізіп, ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабы "Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жүргізуші көлік құралының кілтін беруден бас тартқаннан кейін, полицей эвакуаторды шақырды. Автокөлікті эвакуациялау кезінде жас жігіт белсенді түрде қарсылық көрсетіп, полицейге негізсіз айып тағып, балағат сөздер айтқан. Содан кейін жүргізуші заңсыз әрекеттерін жалғастыра отырып, көлігінің ішін өртемек болған. Полицейдің заңсыз әрекеттерді жасауға жол берілмейтіндігі туралы ескертуіне қарамастан, ер адам билік өкіліне күш қолданып, полиция қызметкерінің погондарын жұлып алған, - деп хабарлады облыстық ПД-дағылар.
Болған жағдайдың барлығы полиция қызметкерінің видео жетонына жазылған.
Нәтижесінде күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша тіркелді: 378 - Билік өкілін қорлау және 380 - Билік өкіліне күш қолдану.
Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.