Субұрқақта тоқ соғып, жан сақтау бөліміне түскен әйел ауруханадан шығарылды

иллюстрация үшін алынды
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, әйелдің жағдайы тұрақты.

Алматы циркінің жанындағы субұрқақта тоқ соғып, ауыр халде жан сақтау бөліміне түскен 28 жастағы әйел ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, әйелдің жағдайы тұрақты. Ол енді емді өзі тіркелген орны бойынша емханадан қосымша ем алып, дәрігерлер бақылауында болады.

Науқас үйіне шығарылды, ол барлық қажетті медициналық көмекті толық көлемде алды, жағдайы тұрақты. Одан әрі бақылауды тіркелген жері бойынша емхананың дәрігерлері жүргізеді, - деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетсек, 19 маусым күні Алматы циркі маңындағы субұрқақта екі бала мен бір әйелді ток соқты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды