Алматыда жеңіл көлік квадроциклді қағып, жасөспірім көз жұмды

24tv.ua
Қайғылы оқиға шамамен бір жыл бұрын, яғни 2020 жылы 25 шілдеде Алатау ықшамауданында болған.

Алматыда квадроциклге мінген балаларды қаққан көлік жүргізушісі сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы оқиға шамамен бір жыл бұрын, яғни 2020 жылы 25 шілдеде Алатау ықшамауданында болған.

Toyota Camry жүргізушісі алдындағы көлікті басып озамын дегенде қарама-қарсы беттен атып шыққан квадроциклмен соқтығысқан.

Мотокөлікті 16 жасар жасөспірім тізгіндеп, өз жолағымен келе жатқан. Апат салдарынан квадроцикл жүргізушісі қайтыс болды. Оның қасындағы жолаушысы - 4 жасар қыз ауыр жарақат алды, - деді Алматы полициясы басқармасы бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Сот шешімімен жеңіл көлік жүргізушісі төрт жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан шектеле отырып, 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Үйқамаққа алу" түріндегі бұлтартпау шарасы өзгертілді, Арыстанов сот залында қамауға алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі