Шымкентте мектепке құрылыс жүргізген кәсіпкер 5,5, млн теңгені жымқырды

ҚР ҚМА
Құрылыс жұмыстарын жүргізген жосықсыз кәсіпкер кінәсін толық мойындап, келтірілген шығын сомасын өтеді.

Қаржы мониторингі агенттігі мектептегі құрылыстан қаражат жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Шымкент қаласы бойынша агенттіктің аумақтық департаменті "Жұлдыз" тұрғын үй аумағында орта мектеп салуға бөлінген 5,5 млн теңгені жымқыру дерегін анықтады, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Тергеу барысында кәсіпкер мектеп құрылысы кезінде нақты орындалмаған жұмыстар туралы дәйексіз мәліметтер бойынша есептер ұсынғаны белгілі болды.

Сот құрылыс-экономикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес, мемлекетке келтірілген залал сомасы шамамен 5,5 млн.теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарын жүргізген жосықсыз кәсіпкер кінәсін толық мойындап, келтірілген шығын сомасын өтеді, делінген хабарламада.

Еңбекші аудандық соты оған үш жылға бас бостандығын шектеу жөнінде жаза кесті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі