"СҚ-Фармацияның" экс-басшысына қатысты атышулы іс жаңаша сипат ие болды

иллюстрация үшін алынды
Сот отырысында Ұлттық ғылыми орталық қызметкерінің жауабы тыңдалды.

Елордада "СҚ-Фармацияның" экс-басшысына қатысты атышулы іс жаңаша сипатқа ие болды, деп хабарлайды zakon.kz "Хабар 24-ке" сілтеме жасап.

Бүгін сот отырысында Ұлттық ғылыми орталық қызметкерінің жауабы тыңдалды. Райхан Мұсағалиеваның айтуынша, індет өршіген кезде алматылық дәрігерлердің қорғаныш құралдарымен қамтылмауы олардың вирус жұқтыруының басты себебі болған. Жаппай ауруға шалдығу дерегі мәлім болған соң жүргізілген зерттеу жұмыстары осыны көрсеткен. Қауіптің алғы шебінде жүрген мамандар тиісті 3 қорғаныш киімінің орнына біреуін жарым-жартылай күйде қолдануға мәжбүр болған. Сарапшының айтуынша, тіпті оны қайта-қайта ауыстырмас үшін жөргек киюге мәжбүр болған.

Еске сала кетейік, Берік Шәріптің үстінен қозғалған іс Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл аудандық сотында қаралып жатыр. Оған "медицина қызметкерлерін қорғаныш құралдарымен толық қамтымады" деген айып тағылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды