Жалған екпе құжаты мен ПТР-тест бойынша 65 қылмыстық іс қозғалды

zakon.kz
ҚР ІІМ жалған құжат жасағаны үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу көзделгенін еске салады.

Полиция жыл басынан бері вакциналау төлқұжаты мен ПТР-тесттерді қолдан жасау бойынша 65 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды zakon.kz.

Тергеу бөлімшелерінің өндірісінде ПТР-тестілерді қолдан жасау, дайындау немесе өткізу бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша 42 қылмыстық іс болды (ҚК 385-бабы 1-бөлігі – 23, 2-бөлігі-3, 3-бөлігі – 16), оның ішінде 39-ы ағымдағы жылы тіркелген, деп хабарлайды ҚР ІІМ.

Вакциналау төлқұжатын қолдан жасау фактілері бойынша ағымдағы жылы 23 қылмыстық іс тіркелді, тергеу жалғасуда. Қолдан жасалған құжаттардың саны және әрбір іс бойынша заңға қайшы әрекеттерге қатысушылардың саны да әртүрлі.

Бұлар тергеу нәтижелері бойынша нақтыланатын болады. Ішкі істер органдары жалған ПТР-анықтамалар мен вакцинация паспорттарын сату фактілерін анықтау бойынша түрлі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Полиция қызметкерлері медициналық орталықтарды, емханаларды, вакцина алу пункттерін тексеруді жалғастыруда, деп нақтылады құзырлы ведомства.

ҚР ІІМ жалған құжат жасағаны үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу көзделгенін еске салады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды