Ауыл тұрғыны банк картасын қабылдамай қойған банкоматты шақты

polisia.kz
Оқыс оқиға түнде Абай ауылында болған.

Түркістан облысында ер адам банкоматтың экранын сындырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқыс оқиға түнде Абай ауылында болған.

Тәртіп сақшылары қауіпсіздік камераларын қарап шықты. Екі күн бойы жедел қызметкерлер жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Олар оннан астам көлікті тексеріп, нәтижесінде күдіктінің ізіне түсті, - деп атап өтті облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері бұзақыны тұрғылықты жерінен ұстады.

Белгілі болғандай, күдікті түнде банкоматқа ақша алу үшін келген. Бірақ банкомат оның банк картасын қабылдамай қойған, бұған қатты ашуланған ер адам банкоматтың экранын жұдырығымен бір қойған. Содан кейін ол қылмыс орнынан тайып тұрған, - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі