19 мың қазақстандық қаржы пирамидасының құрбаны болған

Ішкі істер министрлігі атап өткендей, алаяқтар көп адам тарту үшін компаниясының атына зор әрі тартымды атау береді, ақшаны пайдалы жобаларға, қор биржаларына немесе өте тиімді өндіріске инвестициялауды ұсынады.

Қазақстанда жыл басынан бері қаржы пирамидалары бойынша 330 қылмыстық іс тергеліп, оның 177 -сі сотқа жіберілді. 62 адам тергеуге, 55 адам қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Қаржы пирамидасы бойынша қылмыстық істерге қатысты зардап шеккендердің жалпы саны 19 миллиардтан астам адамды құрайды, оларға жалпы сомасы 21 миллиард теңгеден астам шығын келтірілді, делінген ҚР ІІМ хабарламасында.

Алаяқтардан зардап шеккендердің көбісі - Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Шымкент, Алматы қалаларының тұрғындары.

Ішкі істер министрлігі атап өткендей, алаяқтар көп адам тарту үшін компаниясының атына зор әрі тартымды атау береді, ақшаны пайдалы жобаларға, қор биржаларына немесе өте тиімді өндіріске инвестициялауды ұсынады.

Мәселен, Алматы қаласындағы "Astra Consulting" қаржы пирамидасының қызметкерлері азаматтардан ақша тарту үшін өздерін қор биржасының кәсіби қатысушылары ретінде көрсетіп, салынған ақшадан жоғары табыс алуға уәде береді. Бірақ олардың қор биржасына ешқандай қатысы жоқ екені белгілі болды, ал ақша төлемдері жаңа клиенттердің келіп қосылуы сұйылғанша беріліп тұрған.

Қазіргі уақытта бұл қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Алты адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың барлығы қамауда. Бұл адамдар 125 адамды пирамидаға тартып, 650 миллион теңге көлемінде залал келтірді, - деп хабарлады құзырлы ведомствадағылар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: