ШҚО-да "акиматтың адамы" ауыл тұрғынын алдады

zakon.kz
Күдіктінің бірнеше рет сотталғаны белгілі болды.

ШҚО-да алаяқ "әкімдік қызметкерімін" деп, ауыл тұрғынына жарты миллион теңгеден астам несие рәсімдеген, деп хабарлайды zakon.kz.

Ағымдағы жылдың маусым айының соңында түскі ас кезінде Бесқарағай АПБ-не 29 жастағы әйел жүгініп, 2021 жылдың 29 сәуірінде 30-40 жас шамасындағы белгісіз әйел, үйдің құжаттарын ресімдеймін деген сылтауымен, алдап, үй иесі мен құжаттарын суретке түсіріп алғанын хабарлады. Кейін оның атына 597 мың теңге сомасында несие рәсімдегені мәлім болды, дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Бесқарағай АПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтаған. Күдіктінің бірнеше рет сотталғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы