Таразда тәртіп сақшыларының көз алдында тұтқын қашып кетті

zakon.kz
2012 жылы ол қаруды заңсыз сақтағаны және есірткі сатқаны үшін 10 жылға сотталды.

Таразда полиция қызметкерлерінің көз алдында тұтқын қашып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

5 тамызда 26 жастағы Иван Юрьевич Зозуля Тараз қалалық No2 сотының қаулысымен мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғаннан кейінгі бостандықта болу тәртібін бұзғаны үшін 2 жыл 10 ай 17 күн өтелмеген мерзімге қамауға алынды, ол Жамбыл облысы ҚАЖ 158/1 мекемесіне ауысу кезінде ізін суытты, - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД.

2012 жылы ол қаруды заңсыз сақтағаны және есірткі сатқаны үшін 10 жылға сотталды.

8 тамыздағы жедел-іздестіру шаралары кезінде оны полиция қайта ұстады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 426-бабы (қамаудан қашу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл қылмысты жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Күдікті өз кінәсін толық мойындап, тергеу изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі