Лимон қосылған ыстық сусын коронавирус пен обыр дертін емдейді - фейк

Дәрігерлер лимонның құрамындағы қосылыстардың кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының алдын алуда пайдалы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Алайда, бұл заттар ағзаның қатерлі ісікпен күресу қабілетін арттырады, бірақ обыр жасушаларын өлтірмейді.

Әлеуметтік желі қолданушылары лимонның емдік қасиеті туралы жазбаны өзара бөлісіп жатыр. Жазба авторы цитрус жемісті ыстық суға қосса, ол коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің орнын алмастыра алады және обыр жасушаларыйн өлтіреді деп келтіреді, деп хабарлайды zakon.kz.

Stopfake.kz бұл мәліметтің өтірік екенін хабарлайды.

Сурет: stopfake.kz

Лимонмен коронавирусты емдеу туралы хабарлама 2019 жылдан бері әлем бойынша әлеуметтік желілерде тарауда. Оның авторлары Бейжің әскери ауруханасының бас директоры Чен Хоринге сүйенеді, ол лимонның үштен бір бөлігін ыстық суға қосып, күнде ішуге кеңес берді. Бұл сусын вирусқа қарсы дәрі-дәрмекті алмастыруы керек. Бұл жалған мәлімдеме, делінген хабарламада.

Зерттеуші Чен Хорин туралы көпшілікке қолжетімді ақпарат жоқ екені де атап өтіледі. С дәруменінің коронавирусқа қарсы әсерін растайтын да зерттеулер жоқ.

Лимонның COVID-19 жұқтыруға жол бермейтініне ғылыми дәлелдер жоқ. Алайда, жалпы алғанда, ДДҰ дұрыс тамақтанудың бір бөлігі ретінде жеміс пен көкөністі жеткілікті мөлшерде жеуді ұсынады, – делінген Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының сайтында.

Сондай-ақ лимон суы обыр жасушаларын жоюға көмектеседі деген пікір де жаңсақ екені айтылады.

Лимон мен басқа да цитрус жемістің құрамында қатерлі ісікке қарсы қасиеттерге ие табиғи заттар – модификацияланған цитрус пектині мен лимоноидтар бар екендігі туралы зерттеулер бар. Бірақ олар адамдарда тексерілмеген. Сондықтан олардың тиімділігі туралы қорытынды жасау мүмкін емес, делінген хабарламада.

Дәрігерлер лимонның құрамындағы қосылыстардың кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының алдын алуда пайдалы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Алайда, бұл заттар ағзаның қатерлі ісікпен күресу қабілетін арттырады, бірақ обыр жасушаларын өлтірмейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: