Алматыда жалған екпе құжатын жасағаны үшін емхана бастығы ұсталды

zakon.kz
Басшымен ым-жымы бір оның қарамағындағылар мен арадағы делдалдар да ұсталды.

Алматы қалалық емханасының басшысы мен оның қарамағындағылар және арадағы делдалдар жалған екпе төлқұжаттарын жасағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Олар жаһандық пандемия кезеңінде, сондай-ақ Алматы қаласының аумағында COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау үшін белгіленген карантиндік режимде 100-ден астам жалған екпе төлқұжаттарын дайындап, ақшалай сыйақыға сатқан, яғни ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Вакциналау" электронды жүйесіне вакцина алушылар туралы реестрге әдейі жалған мәліметтер енгізген, соның негізінде "egov.kz" электронды үкімет порталында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жүргізілгені туралы жалған электронды төлқұжаттар жарық көрді, деп хабарлады Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Күдіктілердің кінәсінің дәрежесін анықтайтын соңғы шешімді сот қабылдайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды

"Референдум – 2026": Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта өтеді