Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Астана, город Астана, достопримечательности Астаны, столица Казахстана, пейзаж Астаны, туризм в Казахстане, туризм в Астану, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2026 09:58 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанда 6 шілдеде мемлекеттік мереке – Астана күні атап өтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл мерекелік күн дүйсенбіге түседі. Осыған сәйкес қазақстандықтар қатарынан үш күн – 4, 5 және 6 шілдеде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) демалады.

Жұмыс аптасы 7 шілде, сейсенбі күні басталады.

Алты күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер үшін екі күн демалыс болады: 5 және 6 шілде (жексенбі және дүйсенбі). Ал 4 шілде, сенбі толыққанды жұмыс күні болып қалады.

Нәтижесінде, 2026 жылдың шілде айында бес күндік жұмыс аптасы кезінде 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні болады.

Ал алты күндік жұмыс аптасы бойынша 5 демалыс күні және 26 жұмыс күні қарастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: