2025 жылғы шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады

Государственный флаг Казахстана, флаг РК, Астана, виды города Астаны, достопримечательности Астаны, столица, пейзаж Астаны, виды Астаны, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2025 10:23 Фото: akorda.kz
Қазақстанда 6 шілде – Астана күні мемлекеттік мереке ретінде атап өтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл күн ресми мерекелік демалыс күні болып саналады және биыл жексенбіге сәйкес келіп тұр.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес, егер мереке демалыс күнімен сәйкес келсе, онда келесі жұмыс күні демалыс күні болып есептеледі. Яғни, 7 шілде, дүйсенбі – демалыс күні болады.

Осыған сәйкес, қазақстандықтар мынадай күндері демалады:

  • бес күндік жұмыс аптасында – қатарынан үш күн: 5, 6, 7 шілде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);
  • алты күндік жұмыс аптасында – қатарынан екі күн: 6 және 7 шілде (жексенбі, дүйсенбі).

Жалпы шілде айында:

  • бес күндік жұмыс аптасында – 22 жұмыс күні және 9 демалыс күні;
  • алты күндік жұмыс аптасында – 26 жұмыс күні және 5 демалыс күні.

Астана күні елордаға 1998 жылы астана мәртебесі берілген кезден бастап аталып өтеді. 2006 жылдан бастап бұл мереке 6 шілдеге ауыстырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: