Нұр-Сұлтанда жалған екпе құжатын сатқан ер адамды ұстау сәтіндегі видео

zakon.kz
Ер адам жұмысының маңында 50 мың теңге көлемінде ақша алып жатқан жерінен ұсталды.

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері екпе құжатын қолдан жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Полиция кез келген құжатты жасай алатынын айтып, қызметін ұсынған ер адамды байқап, назарға алды. Күдікті елорда тұрғындарына екпе құжатын 20 күнде дайындап беруге уәде еткен. Оның үстіне ол өз қызметі үшін ақысын алдын ала сұрап, құжатты дайындау уақытына қатысты ешқандай проблема болмайды деп сендірген.

Ер адам жұмысының маңында 50 мың теңге көлемінде ақша алып жатқан жерінен ұсталды. 28 жастағы күдіктінің айтуынша, екпе төлқұжаттарына сұраныстың барын ескеріп, қосымша ақша табуды шешкен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алданған азаматтар мен жалған екпе төлқұжаттарын алу үшін оған жүгінген адамдардың саны анықталып жатыр, - деп толықтырды Нұр-Сұлтан қалалық ПД.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты