Өскеменде екі дәрігер жалған екпе құжатын жасаумен айналысқан

ШҚО ПД
Облыстық ПД сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша олардың медициналық базаға енгізген барлық қате мәліметтері жарамсыз болатынын атап өтті.

Өскеменде екпе төлқұжатын сатқан бес адам ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың арасында екі дәрігер бар.

Бұл қызметке қызығушылық танытқан азамттар шотқа 20 мың теңге аударып, жеке куәлік көшірмелерін делдал арқылы беріп отырған.

Сонымен қатар, медициналық мекемеге барудың қажеті болмаған. Тергеу бұл схеманың қай уақыттан бастап қолданысқа енгенін және қанша адам вакциналау төлқұжатын өтірік жасатып алғанын анықтап жатыр, деп хабарлайды ведомстводан.

Медицина қызметкерлері "екпе төлқұжатын" тек жиырма адамға беріп үлгергендерін мойындады.

Облыстық ПД сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша олардың медициналық базаға енгізген барлық қате мәліметтері жарамсыз болатынын атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Эйнштейннің құпиясы немесе көрінбейтін адам аңыз емес

"Байтақ" партиясы экзитпол нәтижелерін қабылдады

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Өскеменде экзитпол қалай өтіп жатыр: супервайзер сайлаушылардың белсенділігін бағалады