Павлодар облысында бүлдіршін көпқабатты үйдің балконынан құлады

Pixabay
Баланың жағдайы ауыр, ол реанимацияда жатыр.

Павлодар облысының Солнечный ауылында бір жасар сәби көпқабатты үйдің балконынан құлады, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыркүйектің 1-күні, түстен кейін жарақат алған бала Екібастұз ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Полицейлер 2020 жылы туған бүлдіршіннің әкесімен бірге қонаққа келгенін анықтады. Әкесі ұялы телефонына алаңдап, ұлынан көз жазып қалған. Осы кезде бала балконға шығып кеткен. Сосын терезенің үстіне шығып, әйнектің сыртына құлаған.

Павлодарлық дәрігерлер зардап шеккен бүлдіршіннің жағдайы жайлы айтып берді.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр, ол реанимацияда жатыр. Бір күн бұрын оның жарылған көкбауырын алып тастадық, дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Сондай-ақ, дәрігерлер баладан бас сүйек пен ми жарақаты, мидың және кеуде тұсында жарақаттары барын анықтады. Сонымен қатар іш құрылысына да зақым тиген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты