Алматыда мопед мінген біреу адам қағып, қашып кетті

kolesa.kz
Ер адам жарақат алған тұрғынға көмектесуге тырыспаған.

Көшедегі камералар түсірген апат сәті желіде жарияланды. Ролик авторы жол апаты 31 тамыз күні 20:00 шамасында болғанын жазыпты.

Оқиғаның дәл қай жерде болғаны белгісіз, дейді kolesa.kz.

Видеодан мопедтің жаяу жүргіншіні бар жылдамдығымен қаққаны, соққыдан тұрғынның жол жиегінде тұрған автокөліктің астына түскені көрінеді. Мопедші де құлайды. Бірақ орнынан тұрып, көлігін тексереді де, артынан зардап шеккен адамның қасына барады. Содан кейін жүгіріп келген куәгердің қолына бірдеңе ұстатады, әлгі кетіп қалады. Артынан тағы бір-екі адаммен сөйлесіп, мопедіне отырады да, тайып тұрады.

Ал жарақат алған адам апат орнында қалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Жергілікті полиция оқиғаға қатысты пікір білдірмеді. Жаяу жүргіншінің жай-күйі де белгісіз.

Биыл көктемде мегаполистегі Төле би көшесінде мопедші бесікарбадағы баланы қағып, дәл осылай қашып кеткен еді. Видео әлеуметтік желіде жарияланған соң ол көп ұзамай ұсталды.

Қазақстанда мопед тіркелмейді, сондықтан кінәлі адамды табу оңай емес. Алайда қос дөңгелекті көлік қатысқан апат көбейгендіктен, билік оларға да нөмір тағуды көздеп отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты