ҚХР азаматтарын тақырға отырғызған алматылық келіншек ұсталды

zakon.kz
20-дан астам адам полицияға 40 жастағы әйелдің заңсыз әрекеттеріне шағымданып, ресми арыз түсірді.

Алматыда карантин кезінде Қытай азаматтарын отанына оралтуды уәде еткен әйел ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

20-дан астам адам полицияға 40 жастағы әйелдің заңсыз әрекеттеріне шағымданып, ресми арыз түсірді.

2021 жылдың ақпанынан сәуіріне дейінгі аралықта ол турфирма атынан әрекет ете отырып, ҚХР азаматтарына үйге ұшақпен орала алатындарына сендірген. Қызмет көлемі әр адам үшін 650 мыңнан 950 мың теңгеге дейінгі аралықта өзгеріп отырған. Бірақ әйел уәдесін орындамайды.

Оның әрекетіне сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеу шаралары қолға алынды. Күдікті ұсталып, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 131-бабына сәйкес, ПД уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Сонымен қатар, сот оны қамауға алу туралы санкция берді. Тергеу жалғасуда. Алматы қаласы ПД Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды