Павлодарлық нәресте жан сақтау бөлімінде бір ай бойы аппаратта жатыр

pixabay.com
Қазіргі уақытта Павлодар облысында 170 бала мен жасөспірімде коронавирус расталды, соның 44-і ауруханаларда ем алуда.

Павлодарлық бір жасқа толмаған сәбидің жан сақтау бөлімінде жатқанына бір ай болды. Жағдайы өте ауыр деп бағаланады, деп хабарлайды zakon.kz.

Павлодар-онлайнның мәліметінше, 10 күн бұрын дәрігерлер нәрестенің өкпесі 36%-ға зақымданғанын анықтаған. Оған сирек кездесетін асқыну диагнозы қойылды, яғни коронавирус инфекциясы тосыннан тудыратын пневмомедиастинум.

Қазан айында бір жасқа толатын бала өмірінің 28 күнін жан сақтау бөлімінде өткізген. Алайда, дәрігерлер үміт күтетін қандай да бір болжам жасауға асығар емес.

Жағдайы өте ауыр әрі тұрақсыз. Кейде жақсарып отырады, бірақ содан кейін қайтадан нашарлайды. Балада қайталанатын пневмотораксы бар. Республикалық мамандармен апта сайын, ал облыстық деңгейде күн сайын консультациялар өткізіледі. Бала толық ем алып жатыр, бірақ, әзірге қандай да бір болжам айту қиын, - дейді облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы директорының орынбасары Зере Садақова сәбидің жағдайына түсініктеме бере отырып.

Қазіргі уақытта Павлодар облысында 170 бала мен жасөспірімде коронавирус расталды, соның 44-і ауруханаларда ем алуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды