Жамбыл облысында жасырын түрде қатты байымақ болғандар ұсталды

gusiyabloni.com
Күдіктілердің осы кәсіппен қанша уақыттан бері айналасып келгені белгісіз. Бірақ олардың өз жұмысына тыңғылықты дайындалғаны байқалады. Тіпті, киіз үй тігіп алған.

Мойынқұм ауданына қарасты Ақбақай ауылына жақын жер учаскесін кен орнына айналдырып, бағалы тастар өндіріп, пайда көрмек болғандар ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Күдіктілердің осы кәсіппен қанша уақыттан бері айналасып келгені белгісіз. Бірақ олардың өз жұмысына тыңғылықты дайындалғаны байқалады. Тіпті, киіз үй тігіп алған. Ал, кесек тастарды Шу өзені маңындағы шаруа қожалығына жеткізіп отырған. Өйткені мұнда алтынды тастан ажырататын жасырын цех істеп тұр.

Құндыз Бөгенбаева; Жамбыл облысы ПД ресми өкілі:

- Тінту кезінде құрамында алтыны бар кенді өңдейтін заңсыз орнатылған екі ұсақтағыш құрал мен құмды тазартуға арналған екі аппарат, сондай-ақ 10 тонна көлемінде кен табылып тәркіленді. Тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы