Әкім адам қағып, қашып кетті. Әкімдік жөнді жауап бермеді

ushtobe-akim.kz
Баспасөз хатшысы ұялы телефоынын өшіріп тастаған екен.

Алматы облысындағы Үштөбеде қала әкімі Сағынбек Карбузов көлігімен бір әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кетті деген сыбыс желдей есті. Әкімдік бұған қатысты мардымды жауап бере алмай отыр, деп хабарлайды zakon.kz Liter.kz-ке сілтеме жасап.

Әкімнің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасынан әйел адам зардап шекті деген ақпарат әлеуметтік желіде жазыла бастады.

Әкімдік бірден жауап бергенімен, әкім шынымен адам қақты ма деген сұрақтың жауабын бере алмады. Тек "ешқандай дәлелсіз асығыс шешім шығармаңдар" деген ақылын айтып құтылды.

Содан бері бір тәулік өтсе де, әкімдіктің баспасөз қызметі журналистерден әлі қашып жүр, баспасөз хатшысы ұялы телефонын сөндіріп тастаған екен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды