Ауруханада ковид марқұмның телефоны ұрланып, күзетші күдікке ілікті

Pixabay
Ұстау кезінде күдікті ер адамнан ұрланған телефон табылып, тәркіленді.

Емдеу мекемесінің күзетшісі Теміртауда COVID-19-дан қайтыс болған науқастың ұялы телефонын ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды zakon.kz.

11 тамызда Қарағанды ​​облысы Теміртау қаласы Ескі қала полиция бөліміне 67 жастағы қала тұрғыны арызданды. Ол медициналық мекемелердің бірінде белгісіз ер адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болған 65 жастағы әйелінің 70 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап алғанын айтқан.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 33 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Телефон заттай айғақ ретінде алынды, - деді Қарағанды ​​облыстық ПД басшысы Ерлан Файзуллин.

Полициядағылар анықтағандай, күдікті медициналық мекемеде күзетші болып жұмыс істеген, тек ұсталуынан бірнеше күн бұрын жұмыстан шығып кеткен. Оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

Азық-түлік 18%-ға қымбаттауы мүмкін: Дүниежүзілік банк дабыл қақты

Жалақы 40%-ға дейін өседі: ДДСҰ Тоқаевтың шешімін қолдады

Түркі әлемінің әуені мен Димаштың өнері: Тоқаев Түркияда концерт тамашалады