Дүкен иесі қарызын төлемеген әйелдің теледидары мен жиһазын тартып алды

pexels.com
Зиянның жалпы сомасы шамамен 200 мың теңге екені анықталды.

Әбден қарызға батқан Түркістан облысының тұрғыны теледидары мен жиһаздарынан айырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ордабасы ПД кезекші бөліміне жергілікті тұрғын шағымданып, қарызын төлеуді талап еткен танысы рұқсатсыз теледидары мен ас үйдегі жиһазды тартып алып кеткенін айтты.

Зиянның жалпы сомасы шамамен 200 мың теңге екені анықталды.

Полиция дереу көрсетілген мекен-жайға жетті. Учаскелік инспекторлар бірқатар қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде тәртіп сақшылары өзгенің мүлкін заңсыз иемденді деген күдіктіні анықтады, деп хабарлады полициядағылар.

Белгілі болғандай, ауыл тұрғыны дүкендегі адамнан азық -түлікті қарызға жаздырып алып жүрген, бірақ ақшасын көптен төлемеген. Сол себепті күдікті осындай заңсыз жолмен қарызды өндіріп алу туралы шешім қабылдаған.

Полиция бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы, "Озбырлық" бойынша бірыңғай тіркеу тізіліміне енгізді. Тергеу жүріп жатыр, - дейді Түркістан облыстық ПД.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды