Алматыда біреудің қорасы өртенді

zakon.kz
Өрт сағат 15:10-да ауыздықталды.

Алматыда шаруашылық ғимараттары өртенді, деп хабарлайды zakon.kz.

View this post on Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

18 қазанда сағат 14:47-де Алматы ТЖД күштері мен құралдары Алмалы ауданы, Қожамқұлов көшесі, 259 үй мекенжайы бойынша жоғары дәрежелі шақыртуға шықты. Сағат 14:52-де жалпы ауданы 100 шаршы метр болатын шаруашылық ғимараттардың жанып жатқаны анықталды, өрттің жер үйлерге таралу қаупі төнді. Дереу өртті сөндіруге кірістік. Өрт орнынан көлемі екі 25 литрлік және екі 5 литрлік төрт газ баллоны шығарылды, 25 литрлік баллондардың бірінен улы газ тарады, өрт сөндірушілер оны қауіпсіз жерге шығарды, дейді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сағат 15:10-да ауыздықталды.

Таралу қаупі жойылып, 15:27-де өрт толығымен сөндірілді. Жамбыл көшесіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері аумақты қоршады. Алматы ТЖД жеке құрамынан 35 адам, 10 бірлік техника жұмылдырылды, делінеді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды