Өскеменде 12 жастағы қыз сабаққа бармау үшін соққыға жығылдым деді

pxfuel.com
Жасөспірімнің ата-анасына бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу ескертілді.

12 жастағы облыс орталығының тұрғыны мектепке бармау үшін "мені ата-анам ұрады" деген өтірікті ойлап тапқан, деп хабарлайды zakon.kz.

18 қазанда Өскемен қаласының 102 жедел арнасына Нұр-Сұлтан қаласының шұғыл қызметінің психологынан 12 жасар қыздың хабарласқаны туралы хабарлама келіп түскен. Ол әпкесі екеуіне ата-анасы күш қолданып, ұрып-соғатыны туралы хабарлаған. Өскемен қаласы ювеналды полиция тобының қызметкерлерімен тексеру барысында, кәмелетке толмаған баланың мектепке бармау үшін осы оқиғаны ойлап тапқаны анықталды.

"Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған баланың анасы оны қосымша сабақтарға жазып қойған, бірақ кәмелетке толмаған қыз қатысқысы келмегендіктен осы оқиғаны ойлап тапқан. Оқушы қыз шұғыл қызмет нөмірін әлеуметтік желіден тауып алған", - деп хабарлады Өскемен қаласы ІІБ бастығы полиция полковнигі Андрей Мула.

Жасөспіріммен және оның ата-анасымен Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімнің инспекторлары профилактикалық әңгіме өткізіп, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлуді ескерті.

Дайана Тоқберген

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті