Атырау облысында газ цистернасын тиеген жүк көлігі өртенді

instagram.com/atyrau_tjd
Өрт сөндірушілердің шалт қимылы арқасында газ цистернасына оттың тиюіне жол берілмеді.

19 қазанда Атырау облысынан Маңғыстау облысына бағыт алған МАЗ жүк көлігі Құлсары-Доссор тас жолының 109-шы шақырымында өртке оранды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқыс оқиға туралы ақпарат No2 өрт сөндіру бөліміне сағат 14: 43 -те келіп түсті.

Өртті сөндіруге бір техника мен No2 ӨСБ-нің 4 қызметкері жұмылдырылды. Өрт салдарынан жүк көлігінің 8 дөңгелегі, екі аккумуляторы мен жанармай багы жанып кетті. Қызыл жалын 15 сағат 11 минутта оқшауланып, 15: 18-де толықтай сөндірілді, деп хабарлайды Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер көлік салоны мен жүк көлігінің тіркемесіне оттың таралуын болдырмады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Жүк көлігі "Ағатай-Газ" ЖШС-ға тиесілі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды