Ақтауда жағажайдан тағы да қырылған итбалықтардың өлексесі табылды
Сурет: unsplash
Ақтаудағы Каспий жағалауынан қырылып жатқан итбалықтар табылды. Экологтар тексеру үшін су сынамаларын алды, ал қырылған итбалықтардың нақты саны туралы ақпарат, әзірге ашып айтылмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 24 мамырда Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметі хабарлады:
"Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары ағымдағы жылдың 24 мамырында әлеуметтік желіде тараған бейнежазба негізінде Ақтау қаласы Шағала демалыс орны маңындағы Каспий теңіз жағалауынан итбалық өлекселерінің табылуына байланысты теңіз суынан су сынамаларын алды. Сынама нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады".
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Каспий теңізі жағалауында табылған итбалық өлекселеріне қатысты түсініктеме бергенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript