Желідегі видео: Өлген аюдың суретіне қатысты аудан әкімдігі түсініктеме берді

Аю, Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, желі, видео, ауыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2026 15:39 Сурет: pexels
Әлеуметтік желіде ауылдың ішінде жүгіріп жүрген аюдың видеосы тарады. Кейінірек жыртқыш аңның ұсталып, өлтірілгені туралы қауесет пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған видеоны блогер Қайрат Әбдірахман Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

"Тірі аю Сарыөзекті аралап жүр", делінген оның жазбасында.

Көп ұзамай Кербұлақ аудандық әкімдігі бұл видеоның аталған елдімекенде түсірілгенін растады. Алайда, іле-шала желіде ішек-қарны ақтарылып жатқан өлі аюдың суреті тарап, желі қолданушылары арасында дүрбелең туғызды. Бұл ақпаратты Кербұлақ аудандық әкімдігі жоққа шығарды:

"Желіде таралған фотосуретте аюдың өлі денесі бейнеленгені туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл сурет жасанды интеллект көмегімен жасалған. Қазіргі уақытта жыртқышты іздеу жұмыстары жүргізілуде".


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: