БҚО-да жеңіл көлік аударылып, жүргізуші мерт болды, екі бала комада

Zakon.kz
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жан түршігерлік апаттан екі жасөспірімнің зардап шеккенін хабарлады. Зардап шеккендердің екеуі де қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

БҚО-да 30 қазанда күндіз Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол апатына ұшырап аударылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Көліктегі әртүрлі дене жарақаттарын алған үш жолаушы жедел жәрдем көлігімен Приулныйдағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жантүршігерлік апаттан екі жасөспірімнің зардап шеккенін хабарлады. Зардап шеккендердің екеуі де қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

Ашық бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйектің сынуы, ми комасы диагнозы қойылған 13 жасар балаға ота жасалуда. Дәл осындай диагнозбен тағы бір зардап шегуші (16 жаста) жансақтау бөлімінде жатыр. 1966 жылғы ер адам ауруханаға жатудан бас тартты. 31 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды