Жазғы дөңгелекпен жүрген Subaru жүк көлігіне соғылды

Zakon.kz
Ол цемент таситын көлікке соғылды, зардап шеккен жасөспірім ауыр халде.

Алматыда жазғы дөңгелегі әлі ауыспаған Subaru Legacy көлігі Үлкен Алматы каналының бойындағы көшеде, Такежанов көшесімен қиылысатын тұста жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қардан әлі тазартылмаған бұл көшеде көліктер баяу жылжып келе жатқан, көліктердің ең соңында КAMAZ келе жатты.

Көлігінің дөңгелегі мен жолдағы жағдайға қарамай, жылдамдығын тым асырған Subaru жүргізушісі алдындағы баяу қозғалатын көліктерге жеткенде тоқтай алмай, жүк көлігіне келіп соғылды.

Соққыдан Subaru-дың алды қатты бүлінді, Камаздың осі қисайды.

ЖКО нәтижесінде жүргізуші ауыр жарақат алмады, бірақ жолаушы мен 2008 жылы туған бала ауыр халде.

Бақытжан Отарбаева

Тақырып бойынша: Алматыда жазғы дөңгелекпен жүрген көлік сайға құлады

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды