Алматы облысында бір отбасы мүшесі: әкесі, анасы және қызы тоғандағы батпаққа батып, қайтыс болды. Олар төңкеріліп жатқан көліктің ішінен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олардың жоғалғаны туралы ақпарат Instagram парақшаларында пайда болды.
"14 қарашада 167 KSY 05 мемлекеттік нөмірі бар "Skoda Superb" автомобилімен үш адам жоғалып кетті. Олар Алматыдан Үштөбе қаласына жолға шыққан. Сағат 19:00-де Талдықорған аркасынан өткеннен кейін байланыс үзілген", - деп жазды Instagram-дағы пабликтің бірі.
Кейінірек көліктің батбақтан табылғаны туралы ақпарат шықты.
"Сол күні полиция қызметкерлері "Талдықорған-Үштөбе" тасжолынан аударылған Skoda Superb көлігін тапты", - делінген хабарламада.
Zakon.kz тілшісі аталған жайтқа байланысты облыстық полиция департаментіне ресми сауал жолдады.
15 қарашада Талдықорған ПБ-ға Қаратал ауданының 27 жастағы тұрғыны 14 қараша күні сағат 17:00 шамасында Skoda Superb маркалы көлікпен ата-анасы мен әпкесі бірге кетіп, жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Сол күні полиция қызметкерлері Талдықорған – Үштөбе автожолында аударылып қалған Skoda Superb автокөлігін тапты, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 60 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, батпаққа қойып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен 47 және 19 жастағы жолаушылар оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігіне сай сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.