Алматы облысында сатушылардың көзінше Changan автокөлігін ұрлап кеткен
Фото: Zakon.kz
Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы автосалонынан Changan CS55 Plus маркалы автокөлікті ұрлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыскерлердің әрекеті Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталып, олардың қозғалыс бағыты белгіленді.
Тергеу барысында ұрланған автокөлік Түркістан облысы Жетісай қаласының аумағынан табылып, тәркіленді. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.
Сонымен қатар күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Бұған дейін Екібастұзда жойқын желден балабақша аумағындағы шатыр құлап түскенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript