Екібастұзда жойқын желден балабақша аумағындағы шатыр құлап түсті
Сурет: бейнежазба скриншоты
Екібастұзда жойқын жел №1 балабақша аумағындағы ойын алаңының шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
irbistv.kz басылымының дерегіне сүйенсек, Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде оқиға орнынан түсірілген бейне жарияланған. Кадрларда ойын алаңының шатырының бір бөлігі құлап түскені көрінеді. Оқиғадан кейін мекеме қызметкерлері жедел түрде қауіпсіздік шараларын қабылдаған.
"Зардап шеккендер жоқ. Қауіпті аймақты дереу ескерту лентасымен қоршадық, ақпарат 112 төтенше жағдай қызметіне жеткізілді. Қалпына келтіру жұмыстары ауа райы жақсарған соң басталады", – деді Екібастұз қаласы Білім бөлімінің өкілдері.
Бұған дейін СҚО-да қызыл жалын арасынан әйелдің мәйіті табылғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript