Ақтөбеде дүкеннен 15 миллион теңгенің телефондарын ұрлап кеткен

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2026 12:00 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ақтөбе қаласында белгісіз ер адам дүкеннен жалпы құны шамамен 15 миллион теңге болатын 18 ұялы телефонды ұрлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. "Almaty.tv" телеарнасының мәліметіне сүйенсек, кадрларда ер адамның дүкеннің кіреберіс есігінің әйнегін балғамен сындырып, еш кедергісіз ішке кіргені көрінеді.

Ұры өте жылдам әрі суыққанды әрекет еткен. Алайда ол ұрланған заттарды сатпақ болған сәтінде қолға түсті.

"Жүргізілген тергеу амалдарының нәтижесінде барлық ұрланған ұялы телефондар тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды". Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматы тұрғыны терроризмге қатысқаны үшін 8 жылға сотталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: