Алматыда зейнеткер жол апатынан қаза тапты

Zakon.kz
Төрт күн бұрын қалада дәл осындай жол апаты болған.

Volkswagen жүргізушісі Алматыда қарт әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға "Оптовка" дейтін базардың маңында, Райымбек даңғылында орын алды.

Куәгерлердің айтуынша, 1949 жылы туған әйел базар жақтан жолға шығып, 20-30 метр жердегі жаяу жүргіншілер өткеліне жете алмады. Әйел жолды рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өтпек болғанда Volkswagen Polo көлігінің астына түсті.

Жүргізуші Райымбек даңғылымен шығысқа қарай келе жатқан. Зейнеткер соққыдан ұшып кетті, ол дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.

Төрт күн бұрын қалада дәл осындай жол апаты болған. Ол кезде 83 жастағы ер адамды Daewoo Nexiа қағып кеткен. Ол да алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды