Алаяқтар СҚО тұрғынын 10 млн теңге несие алуға көндірді

Zakon.kz
Қоңырау шалушының айтуынша, шұғыл түрде "несие лимитін таңдау" керек екен.

Алданған Солтүстік Қазақстан тұрғыны 10 млн теңге несие алған. Резервтік есеп шоттағы ақша ізім қайым жоғалып кеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адам полицияға алаяқтық туралы арыз берді. Оған банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалынып, біреу оның атынан ірі несие рәсімдегені туралы хабарлағанын айтты.

Қоңырау шалушының айтуынша, шұғыл түрде "несие лимитін таңдау" керек екен.

Ер адам келісіп, әр түрлі банктерден 10 миллион теңгеге несие ресімдеді. Алаяқтардың нұсқауына сәйкес, ол алынған қаражатты ұсынылған "резервтік шотқа" аударды, ал ол жерден ақша бірден жоғалып кетті.

Жәбірленуші қылмыскерлердің айла-амалдары туралы естігенін, бірақ өзі мұндай жағдайға тап боламын деп ойламағанын айтты.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз