Елордалық госпитальда әскери қызметкер көз жұмды

Zakon.kz/Павел Михеев
Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде.

2021 жылы 28 қарашада Нұрсұлтан қаласының Бас әскери-клиникалық госпитальда әскери сарбаз Бобир Сариев созылмалы дертінің асқынуына байланысты қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әскери борышын өтеп жүрген сарбаз 25 қарашада ауруының қабыну белгілері бойынша ауруханаға түсті.

Әскери ақ халаттылардың мәліметі бойынша, оның жақ асты мен мойыны арасындағы еті қабынған. Ыстығы көтерілген. Кейіннен септикалық жағдай орын алып (іріңдеу), инфекциялық-токсикологиялық шокқа әкеліп соққан.

Әскери дәрігерлер қажетті емдеу, реанимациялық іс-шаралар кешенін жүргізіп, сарбаздың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін барлық шараларды қабылдады. ҚР ҚМ баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде.

Бобир Сариев 2021 жылдың күзінде Түркістан облысынан әскери борышын өтеу үшін мерзімді қызметке шақырылды. Ол борышын өтеп жатқан Құрлық әскерлерінің әскери бөлімі Нұрсұлтан қаласында орналасқан.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы Күштердің жеке құрамы Бобир Халматұлы Сариевтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты